үй Қазақстан жаңалықтары Білім бөлімінің есепшілері 400 миллион теңгеден аса ақша жымқырды деген күдікке ілінді ...

Білім бөлімінің есепшілері 400 миллион теңгеден аса ақша жымқырды деген күдікке ілінді Кеше, 17:17

117
0

ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті Білім беру саласындағы қаражатты аса ірі мөлшерде ұрлау деректерін анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Білім бөлімінің есепшілері 400 миллион теңгеден аса ақша жымқырды деген күдікке ілінді
                Кеше, 17:17

видео кадры

ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті Білім беру саласындағы қаражатты аса ірі мөлшерде ұрлау деректерін анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

«Сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді деген күдікке «Келес ауданының білім бөлімі» ММ бухгалтерлері ілінді, олар 2021-2023 жылдар аралығында білім беру мекемесінің қызметкерлерінің көрінеу жалған мәліметтерін базаға енгізген.

Мектеп қызметкерлерінің карт-шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) есепшілермен байланысты азаматтардың ЖСН-не ауыстырылғаны анықталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал 400 миллион теңгеден асады», — делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінеше, көрсетілген деректер бойынша соталды тергеп-тексеру басталған және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz