үй Астанада Ақтөбеде аулада ойнап жүріп жоғалып кеткен 4 жасар бала өлі табылды ...

Ақтөбеде аулада ойнап жүріп жоғалып кеткен 4 жасар бала өлі табылды Кеше, 12:18

170
0

Ақтөбеде аулада ойнап жүріп жоғалып кеткен 4 жасар Данил Ахунов өлі табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • АВТОР
  • Гүлнара Досымшалова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Ақтөбеде аулада ойнап жүріп жоғалып кеткен 4 жасар бала өлі табылды
                Кеше, 12:18

Ақтөбеде аулада ойнап жүріп жоғалып кеткен 4 жасар бала өлі табылды

Ақтөбеде аулада ойнап жүріп жоғалып кеткен 4 жасар Данил Ахунов өлі табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Zello help еріктілер тобы хабарлады.

«Осымен бітті. Кішкентай баланы іздеуге көмектескен барша жанға алғыс айтамыз. #ZELLOPOISK командасы баланың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», — делінген хабарламада.

Іздеу шараларының нәтижесінде 28 желтоқсанда жоғалып кеткен 2018 жылы туған Данил Ахуновтың зорлықпен өлім белгілері бар денесі табылды. Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі «Жас баланы өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске салайық, 29 желтоқсанда 4 жасар Данил Ахунов таңертең аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткені хабарланған болатын. «Диапазон» мәліметінше, баланы әкесі таңғы сағат 9:30 шамасында үйінің кіреберісінде қалдырып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz