үй Астанада Ақтау маңындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды ...

Ақтау маңындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды Кеше, 13:50

162
0

Ақтау маңында жанармай тиелген цистерна жарылысынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына

  • АВТОР
  • Гүлнара Досымшалова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Ақтау маңындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды
                Кеше, 13:50

Ақтау маңындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

Ақтау маңында жанармай тиелген цистерна жарылысынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қайтыс болған адам — 1989 жылы туған азамат.

«Өкінішке қарай, бір науқас қайтыс болды. Зардап шеккен екінші адам — 1981 жылы туған азаматтың жағдайы ауыр. Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін істеп жатыр», — деді Маңғыстау облыстық аурухананың баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, кеше, 8 қаңтарда Ақтау маңында жанармай тиелген цистерна жарылғаны хабарланған болатын.

Оқиғаның мән-жайын азаматтық қорғау капитаны, Мұнайлы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Жайнат Әуесбаев айтты. Оның сөзінше, 7 қаңтарда сағат 21.00 шамасында Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылында орналасқан «BBJ GROUP» ЖШС көлік компаниясының базасында жанар-жағармай құйылған цистернасы жарылып, содан кейін өрт шыққан. Жарылыс салдарынан жараланған екі адам облыстық ауруханаға жеткізілген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz