үй Астанада Қарағандыда балалардың улануы: Бас прокуратура сараптама қорытындысы туралы айтты ...

Қарағандыда балалардың улануы: Бас прокуратура сараптама қорытындысы туралы айтты Кеше, 12:09

114
0

Қарағанды ​​облысындағы арнайы орталықта балалардың жаппай улануына қатысты тергеу оқиғадан кейін жарты жылға жуық уақыт өтсе де жалғасып жатыр,

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қарағандыда балалардың улануы: Бас прокуратура сараптама қорытындысы туралы айтты
                Кеше, 12:09

фото:newsmir.info

Қарағанды ​​облысындағы арнайы орталықта балалардың жаппай улануына қатысты тергеу оқиғадан кейін жарты жылға жуық уақыт өтсе де жалғасып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, балалардың улану себебін анықтау үшін кешенді химиялық-токсикологиялық сараптама тағайындалып, өндірісі Ресей Федерациясының мамандарына тапсырылғаны айтылған.

«Бүгінде нәтижелер алынған жоқ. Осыған байланысты соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Орталық қызметкерлерінің жауапкершілігін қоса алғанда, соңғы процессуалдық шешім тергеу әрекеттері мен сараптаманың нәтижелері бойынша анықталады», — делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Қадағалау органы 31 шілде мен 1 тамыз аралығында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына тамақтан улану (ішек инфекциясынан улану) диагнозымен 14 бала түскенін, оның екеуі қайтыс болғанын еске салды.

Дерек бойынша Қарағанды ​​облысы прокуратурасының соталды тергеп-тексеру бөлімі ҚР ҚК-нің 304-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергеп жатыр.

Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz