үй Астанада Астана әкімі елордада LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты ...

Астана әкімі елордада LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты 12 желтоқсан 2022, 14:35

35
0

Астананың жаңа әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасы алдағы жылдары аяқталатынына уәде берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Астана әкімі елордада LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты
                12 желтоқсан 2022, 14:35

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Астананың жаңа әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасы алдағы жылдары аяқталатынына уәде берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы аяқталғаннан кейін айтты.

«LRT аяқталады. LRT екі-үш жыл ішінде аяқталады. Қаржыландыруға байланысты», — деді ол.

Сондай-ақ, журналистер шенеуніктен команда өзгеріп-өзгермейтінін сұрады.

«Мен ешкімді әкелмеймін, ешкімді өзгертпеймін», — деді Жеңіс Қасымбек.

Астана әкімі журналистерге жылдың аяғында дейін елорда тұрғындарымен кездесу өткіземін деп уәде берді.

«Осы жылдың аяғында, жыл аяғына дейін кездесемін. Кездесулер басталды, екі күн бұрын үлескерлермен кездестім, мұндай кездесулер күнде өтіп тұрады», — деді Астана әкімі.

Айта кетейік, 8 желтоқсанда Жеңіс Қасымбек Астана әкімі болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz