Астана әуежайында 30-дан астам рейс кейінге шегерілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото: pixabay.com Астана әуежайында 30-дан астам рейс кейінге шегерілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайынан ұшатын 12 рейс және әуежайға ұшып келуге тиіс 19 рейс кешігіп жатыр: «Рейстердің кешігуі жолаушылар үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету себебінен болып жатыр, бұл — азаматтық авиацияда басымдығы. Кешіктірілген рейстер келесі рейстердің тізбекті кешігуіне әкелуі мүмкін, осыған байланысты жолаушыларға әуекомпаниялардың анықтамалық қызметтерінде рейстің мәртебесі мен ұшу уақытын алдын ала нақтылау ұсынылады. Сонымен қатар әуе компанияның кінәсінен рейс кешіктірілген жағдайда, жолаушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кешігу ұзақтығына байланысты қызметтер (салқын сусындар, ыстық тамақ, қонақүйде орналастыру) ұсынылады», — деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






