үй Астанада Астанада автобустар мәселесін қалай шешу жоспарланған ...

Астанада автобустар мәселесін қалай шешу жоспарланған Кеше, 09:06

29
0

Елорда әкімдігі өкілдері қоғамдық көлік жетіспеушілігі мәселесін қалай шешу жоспарланып отырғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Астанада автобустар мәселесін қалай шешу жоспарланған
                Кеше, 09:06

Елорда әкімдігі өкілдері қоғамдық көлік жетіспеушілігі мәселесін қалай шешу жоспарланып отырғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми мәлімет бойынша, қалада күніне 900-ге жуық автобус жүреді. Елордада қоғамдық көліктер 97 бағытта қатынайды, оның ішінде 72 қала ішілік, 25 қала маңындағы бағыттар қамтамасыз етілген.

«Қоғамдық көлік мәселелерін кешенді шешу үшін 2023 жылы жеке қаражатты тарту есебінен 500-ге дейін автобус жеткізу жоспарланған. Бұл бірқатар мәселелерді шешеді: желідегі автобустардың санын айтарлықтай арттыру; ескірген автобустарды ауыстыру; жаңа бағыттарды іске қосу және т.б.», — деді әкімдік өкілдері.

Қала әкімдігі қоғамдық көлік бағыттарындағы кептелістерге талдау тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын айтады.

2022 жылы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін Астанада үш жаңа бағыт іске қосылған; 33 бағыттың схмасы жетілдірілген; 15 көшеде қызмет көрсету жақсартылған; 23 бағыт бойынша автобустар санын 43-ке ұлғайтты; 35 автобус сатып алынды (оның ішінде 15-і қалаға жеткізіліп, жұмыс істеп жатыр); екі учаскеде Bus Lane енгізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz