Астанада 21 желтоқсанда қарлы боранға байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Instagram / @bilimastana Астанада 21 желтоқсанда қарлы боранға байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Ауа райының нашарлауына байланысты 2023 жылдың 21 желтоқсанында екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшеді», — делінген хабарламада. Қазгидромет мәліметінше, 21 желтоқсанда Астанада дауылды ескерту жарияланып, төмен деңгейде қарлы боран мен көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






