үй Астанада Астанада лифт ішінде түкіріп, есігін тепкілеген әйел видеоға түсіп қалды ...

Астанада лифт ішінде түкіріп, есігін тепкілеген әйел видеоға түсіп қалды Кеше, 13:18

94
0

Астанадағы тұрғын үйдің біріндегі лифтіде өрескел әрекет жасаған әйел анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментіне

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Астанада лифт ішінде түкіріп, есігін тепкілеген әйел видеоға түсіп қалды
                Кеше, 13:18

видео кадры

Астанадағы тұрғын үйдің біріндегі лифтіде өрескел әрекет жасаған әйел анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бұл оқиға Жирентаева көшесіндегі тұрғын үй кешенінің лифтіне болған. Әйелдің бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда ол кабинаны жұдырығымен ұрып, ластап және лифт қабырғаларын тырнап жатқаны көрінеді.

Алматы аудандық полицейлері бұзақы әйелдің кім екенін анықтады. Ол 33 жастағы елорда тұрғыны болып шыққан. Қазір әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Бұл дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің екі бабы: 434-2 1 бөлігі «Қоғамдық орындарды ластау» (5 АЕК айыппұл) және 434 «Ұсақ бұзақылық» 1 бөлігі (20 АЕК немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім қабылдау үшін жолданды», — делінген хабарламада.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала меншігіне қамқорлық жасауға шақырады. Кез келген бұзушылық анықталып, жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертіп, қала тұрғындарының осындай деректерді байқаған жағдайда бірден «102» арнасына хабарласуына кеңес береміз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz