үй Астанада Астанада миллиондаған ақша тұратын вейп сұйықтықтары тәркіленді ...

Астанада миллиондаған ақша тұратын вейп сұйықтықтары тәркіленді Кеше, 11:46

5
0

Астана тұрғыны вейп сұйықтығын қолдан жасап сатқан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА-ға сілтеме жасап.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Астанада миллиондаған ақша тұратын вейп сұйықтықтары тәркіленді
                Кеше, 11:46

видео кадры

Астана тұрғыны вейп сұйықтығын қолдан жасап сатқан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА-ға сілтеме жасап.

ҚМА Астана бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен акцизделетін тауарларды ірі көлемде, атап айтқанда электрондық темекі шегу құрылғыларына (вейп) арналған сұйықтықтарды өндіру, сақтау және өткізумен айналысқан адамның заңсыз іс-әрекетінің жолын кесті.

Күдікті рұқсат беру құжаттарынсыз құрамында никотины бар сұйықтықты қолдан өндіретін цех жасап алған. Дайын өнімді көтерме және бөлшек сауда түрінде елорда мен республиканың басқа қалаларының Вейпшоптарына сатқан.

Сатылған никотин бар сұйықтықтың (вейп) құны 18 миллион теңгеден асады.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында 5000-ға жуық электронды темекі шегу құрылғыларына арналған сұйықтық құтысы (вейп), хош иістендіргіштер, көлемі 235 литр глицерин және пропиленгликоль химиялық заттар, сондай-ақ оларды өндіруге арналған станоктар тәркіленді.

Соталды тергеу басталды. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz