үй Астанада Астанадағы банкте адамдарды кепілге алған Әлихан Мурадов жазасын қайда өтеп жатыр? ...

Астанадағы банкте адамдарды кепілге алған Әлихан Мурадов жазасын қайда өтеп жатыр? 02 қараша 2023, 09:17

113
0

Астанадағы Kaspi филиалында адамдарды кепілге алғаны үшін сотталған Әлихан Мурадов Қарағанды ​​облысы мен Ұлытау облысындағы колониялардың бірінде

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Астанадағы банкте адамдарды кепілге алған Әлихан Мурадов жазасын қайда өтеп жатыр?
                02 қараша 2023, 09:17

Әлихан Мұрадов. Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанадағы Kaspi филиалында адамдарды кепілге алғаны үшін сотталған Әлихан Мурадов Қарағанды ​​облысы мен Ұлытау облысындағы колониялардың бірінде жазасын өтеп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, 18 қазанда сотталған Мурадов жазасын одан әрі өтеу үшін Қарағанды ​​облысы мен Ұлытау облысындағы қылмыстық-атқару жүйесінің №35 (орташа қауіпсіздік) мекемесіне жеткізілген.

«2023 жылғы қазандағы жағдай бойынша, сотталған Мурадовтың қалған жаза мерзімі 6 жыл 11 ай болады», — делінген ҚАЖК-нің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында.

Қылмыстық Кодекстің 62-бабы 3-бөлігіне сәйкес үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұстау уақыты орташа қауіпсіздік мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір жарым күніне бір күн есебінен жаза мерзіміне есептеледі.

Қыркүйекте Әлихан Мурадовқа үкім шығарылғанда, ол үш айға жуық қамауда отырған болатын. Ол 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны Қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-бөлігі 8, 9-тармақтарында көзделген «Екі немесе одан да көп адамға қатысты, пайдакүнемдік немесе жалдау бойынша кепілге алу» бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz