үй Астанада Астанадағы ЭКСПО шарында Түркия туы бейнеленді ...

Астанадағы ЭКСПО шарында Түркия туы бейнеленді Кеше, 10:48

25
0

Expo-қалашық аумағындағы "Нұр Әлем" сферасы Түркия туының түсіне боялды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Астанадағы ЭКСПО шарында Түркия туы бейнеленді
                Кеше, 10:48

Фото: Бақтияр Бакаев

Expo-қалашық аумағындағы «Нұр Әлем» сферасы Түркия туының түсіне боялды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осылайша, Қазақстан жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен түрік халқына тілектестігін білдірді.

Еске салайық, бұған дейін 6 ақпанда Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын. АҚШ Геологиялық қызметі мәліметінше, 7,8 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте тіркелген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркиядағы апатқа қатысты шұғыл көмек көрсетуді тапсырды. Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, Қазақстаннан құтқарушылар мен дәрігерлер баратынын мәлімдеді. Осылайша, қазақстандық ТЖМ құтқарушылары Түркияға аттанды.

8 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. Сонымен қатар, ол Қазақстандағы Түркия елшілігіне барып, көңіл айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz