Елордадағы қалалық мәслихаттың қоғамдық тыңдауларында Астанадағы жаңа аудан атауының нұсқалары белгілі болды, — деп, хабарлайды Tengrinews.kz
- АВТОР
- Дина Шарипханова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото:instagram.com/altay_kulginov_official Елордадағы қалалық мәслихаттың қоғамдық тыңдауларында Астанадағы жаңа аудан атауының нұсқалары белгілі болды, — деп, хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елордалық Тілдерді және мұрағаттарды дамыту басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, ономастикалық комиссия отырысында жаңа аудан атауына екі нұсқа таңдалған: Нұра және Қараөткел. «Біз сарапшылармен бірнеше кездесу өткіздік және бірқатар нұсқаны талқыладық және ономастика комиссиясы отырысына екі нұсқаны шығардық. Бірінші нұсқа — Нұра, бұл Ақмола және Қарағанды облыстарындағы өзен. Екінші нұсқа — Қараөткел. Бірақ қазақ грамматикасына сәйкес қатарынан тұрған екі дауысты дыбыс айтылуды қиындатады. Сондықтан Нұра нұсқасын ұсынамыз», — деді Сәкен Есіркепов. Өз кезегінде елорда мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов жаңа аудан әкімдігінің аппаратын құруға 390 миллион теңге қарастырылғанын айтты. Сондай-ақ, ол Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының аумағы Есіл ауданына қарайтынын атап өтті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz