Астаналықтар мен қала қонақтары ақылы тұраққа қанша ақша төледі. Бұл туралы "Астананың тұрақ кеңістігі" ЖШС мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото:facebook.com/astanapark.kz Астаналықтар мен қала қонақтары ақылы тұраққа қанша ақша төледі. Бұл туралы «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «2023 жылы ақылы автотұрақтарға төленген қаражат 201 миллион теңге, ал бүкіл кезең бойынша 450 миллион теңге болды. Астананың 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, елорданың көлік бағдарламасы жеке автокөлікті пайдалануды одан әрі төмендетуді және ақылы тұрақ орындарының санын ұлғайтуды көздейді», — деп хабарлады компания. Бүгінде елордада 7300 ақылы автотұрақ бар. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісіміне сәйкес, елордада ақылы автотұрақтардың саны шектеулі, 10 мың орыннан аспайды. Автотұрақ орындарын әкімдік белгілейді. Еске салайық, 1 қазаннан бастап сенбі, жексенбі және мереке күндері Астанада автотұрақтар ақылы болды. Автотұрақ құны сағатына 100 теңге. Көлік құралдарын тоқтату немесе қою ережелерін бұзғаны үшін айыппұл 3 АЕК, яғни 10 350 теңге болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz