Жақын арада Қазақстанда вейпті таратуға және сатуға тыйым салынуы мүмкін. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен заң талаптарын орындамағандар
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Жақын арада Қазақстанда вейпті таратуға және сатуға тыйым салынуы мүмкін. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен заң талаптарын орындамағандар қалай анықталатыны сұралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Жедел жұмыс, бізде ол заңды негізде. Барлық тетік бар», — деді министр Мәжіліс кулуарында. Журналистер «қазақстандықтарды көшеде тоқтатып, олардан вейпті қайдан алғаны сұрала ма» деп нақтылау сұрағын қойды. «Керек болса, табамыз», — деп қысқа жауап берді Сәденов. Еске салайық, Қазақстанда вейп әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салынуы мүмкін. Тиісті заңды 24 қаңтарда Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қабылдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz

