үй Астанада Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы аталды ...

Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы аталды Кеше, 14:09

36
0

1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ төлейтін зейнетақының ең жоғары мөлшері 700 мыңнан асты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • АВТОР
  • Гүлнара Досымшалова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы аталды
                Кеше, 14:09

Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы аталды

1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ төлейтін зейнетақының ең жоғары мөлшері 700 мыңнан асты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 14,4 триллион теңгеден асты. Жыл басынан бері зейнетақы жинақтарының өсімі 1,3 триллион теңгеден (немесе 10,2 пайыз) артық көрсеткішке ие.

«Міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарындағы жинақтар да шамамен тура осындай өсім — 9,9 пайыз немесе 1,2 триллион теңгені көрсетті. 1 желтоқсанға бұл шоттарда 13,9 триллион теңгеден астам қаражат жинақталған. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 11 айда 20,7% пайыз ұлғайып, шамамен 436 миллиард теңге болды», — делінген қор хабарламасында.

Жыл басынан бергі ең үлкен өсімді — 94,5 пайыз — ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтар көрсетіп, ол 3,3 миллиард теңгеден асты.

2022 жылғы 1 қаңтардан 1 желтоқсанға дейін зейнетақы жарналары түрінде ЖЗШ-ға 1,5 триллион теңгеден астам қаражат түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30 пайыз көп. Өсім жарналардың барлық түрлері бойынша орын алды: өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 29 пайыз (немесе 329,5 миллирд теңгеге), МЗЖ — 39 пайыз (немесе 19,4 миллиард теңгеге) ұлғайды. Ең көп өсім — 212 пайыз немесе 1,4 миллиард теңге ЕЗЖ шоттарында болды.

Салымшылар мен алушылардың шоттарына таза инвестициялық табыс түрінде 777 млрд теңгеден астам қаражат түсті.

БЖЗҚ-дан төлемдер жыл басынан бері 1,1 триллион теңгеден асты. Төлемдердің басым бөлігін 902 миллиард теңге мөлшеріндегі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері. Баламалы мақсаттарға берілетін төлем көлемі өткен жылмен салыстырғанда 58 пайыз төмендеді.

«Жасы бойынша төлемдер 22,6 пайыз ұлғайып, шамамен 109 миллиард теңге болды. Айта кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 29 876 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңгені құрады», — делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz