үй Астанада Қазақстандық құтқарушы Түркиядағы құтқару жұмыстары қалай жүріп жатқанын көрсетті ...

Қазақстандық құтқарушы Түркиядағы құтқару жұмыстары қалай жүріп жатқанын көрсетті Кеше, 09:33

21
0

Қазақстандық Серғазы есімді құтқарушы Түркияда жер сілкінісінен аман қалғандарды іздеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын видеоға түсіріп әлеуметтік

  • АВТОР
  • Гүлнара Досымшалова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қазақстандық Серғазы есімді құтқарушы Түркияда жер сілкінісінен аман қалғандарды іздеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын видеоға түсіріп әлеуметтік желіде жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының кинологиялық бригадалары мен дәрігерлері бар құтқарушылар тобы 7 ақпанда жер сілкінісінің салдарын жою үшін Газиантеп пен соған жақын қалаларға ұшып кеткен болатын.

Қазақстандық құтқарушы Түркиядағы құтқару жұмыстары қалай жүріп жатқанын көрсетті
                Кеше, 09:33

Серғазы Instagram парақшасында жүргізіліп жатқан жұмыстардың егжей-тегжейін көрсетті.

Ол өз тобының таңнан кешке дейін жұмыс істейтінін, үйінді астынан бірнеше мәйітті шығарғандарын айтады. Оның айтуынша, түнде оларды екінші топ алмастырады. Осыған дейін әріптестірімен бірге қираған үйінді астынан үш адамды аман алып шыққандарын айтады.

Серғазы түсірген кадрларда қираған ғимараттарды көруге болады.

Қазақстандықтармен бірге құтқарушы иттер де көмекке келген. Арнайы үйретілген бұл иттер үйінді астындағы адамдарды иісі арқылы табады.

Видеодағы иттің аты Джейкоб, қысқаша Джек. Ол алты жаста екен. Серғазы Джек өте тар саңылаулардан өтіп кете алатынын айтады. Видеода иттің адамды қалай иіскеп, іздеуге кеткені көрсетілген.

Видеоларда құтқарушы акустикалық құрылғымен қалай жұмыс істеу керектігін де көрсетеді. Құрылғы үйінділер астында қалған адамдардың орналасқан жерін анықтауға арналған. Оларды анықтау шудың жалпы спектрінен оқшауланған тән акустикалық белгілер арқылы жүзеге асырылады. Бұл айғай, ыңырсу немесе ұруғ қағу болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz