үй Астанада «Азаматтарға арналған үкімет» Антикордың ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы мәлімдемесіне жауап берді ...

«Азаматтарға арналған үкімет» Антикордың ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы мәлімдемесіне жауап берді 09 желтоқсан 2022, 12:43

21
0

"Азаматтарға арналған үкімет" Астанада шетелдік көліктерді көлеңкелі заңдастыру бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың ұсталуына қатысты пікір

  • АВТОР
  • Гүлнара Досымшалова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


"Азаматтарға арналған үкімет" Антикордың ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы мәлімдемесіне жауап берді
                09 желтоқсан 2022, 12:43

"Азаматтарға арналған үкімет" Антикордың ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы мәлімдемесіне жауап берді

«Азаматтарға арналған үкімет» Астанада шетелдік көліктерді көлеңкелі заңдастыру бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік корпорацияның Астана қаласындағы филиалының директоры Мәди Садановтың айтуынша, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері азаматтардың өтініштерін қабылдап, бірыңғай тіркеу тәртібіне сәйкес мемлекеттік органға жолдайды. Одан кейін электрондық өтініштерді қарау Полиция департаментінің процессингтік орталығының құзыретіне өтеді. Аталған орталықтың уәкілетті мамандары көліктің иесі мен көлік құралының заңдастырылған құжаттарының іздестірілуде (шектеулер, ауыртпалықтар) бар-жоғын, электронды өтініш пен сканерленген құжаттарды салыстыру арқылы олардың дұрыстығын тексереді.

«Берілген өтінішті мақұлдау немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайтын «WEB-модуль» сервистік орталығы да Полиция департаментіне тиесілі. Мемлекеттік корпорация қызметкерлері құжаттардың толық пакетін қабылдауға ғана жауапты және құжаттардың түпнұсқалығын анықтау бойынша құқықтық талдау жүргізбейді», — деді Саданов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz