үй Астанада Бишімбаев ісі: полиция мейрамханадағы видеоларды тәркіледі ...

Бишімбаев ісі: полиция мейрамханадағы видеоларды тәркіледі Кеше, 16:55

120
0

Астана Полиция департаменті бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі өлтірілген Bau мейрамханасындағы бейнебақылау камераларынан

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Бишімбаев ісі: полиция мейрамханадағы видеоларды тәркіледі
                Кеше, 16:55

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана Полиция департаменті бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі өлтірілген Bau мейрамханасындағы бейнебақылау камераларынан видеоларды алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

«Қазір тергеу органдары қызмет көрсетуші персонал мен жасалған аса ауыр қылмыстың мән-жайын білуі мүмкін басқа да адамдардан жауап алу кезінде деректерге тексеріс жүргізеді. Сондай-ақ, оқиға орнынан тиісті зерттеулер тағайындалған бейнематериалдар алынды. Тергеу жалғасып жатыр, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. Кейін ол қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz