үй Астанада Депутат Бишімбаев ісі туралы: Тағы да қаншама әйелдің тағдыры сынғанын күтеміз бе? ...

Депутат Бишімбаев ісі туралы: Тағы да қаншама әйелдің тағдыры сынғанын күтеміз бе? Кеше, 14:42

19
0

Мәжілістегі AMANAT фракциясының депутаттары отбасында зорлық-зомбылық жасайтындарға жазаны күшейтіп, әйел мен балаға қол көтергендерді қылмыстық

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Депутат Бишімбаев ісі туралы: Тағы да қаншама әйелдің тағдыры сынғанын күтеміз бе?
                Кеше, 14:42

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мәжілістегі AMANAT фракциясының депутаттары отбасында зорлық-зомбылық жасайтындарға жазаны күшейтіп, әйел мен балаға қол көтергендерді қылмыстық жауапкершілік тартуды ұсынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат Жұлдыз Сүлейменова сауалын Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдады.

«Жемқорлық үшін сотталып, артынан рақымшылыққа ие болған, экс-шенеунік өз әйелін өлтірді деген күдікпен жантүршігерлік ашық ақпараттардан қоғам дүрбелеңге түсті. Жығылғанға жұдырық демекші, араға 1 апта уақыт салмай, Талдықорғандағы полицияның қызды зорлау фактісі есеңгіреген қоғамға одан сайын соққы болды. Бұл фактілер, аталған ауыр қылмыстар зорлық-зомбылық мәселесіне қайта назарымызды салып отыр», — деді ол.

Оның айтуынша, депутаттардың ұсынысымен 3 жыл бұрын бірнеше қатаң өзгеріс заңнамаға енгізілген.

«Бұның ішінде, тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда, қазір хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары жеткілікті. Тараптардың қайта татуласу мүмкіндігі алынып тасталынып, енді сотта татуласу мүмкіндігі жоқ. Бірақ аталған нақты өзгерістердің өзі отбасындағы әйелдерді қорлауға қажетті деңгейде тоқтау салмай отырғандығы қынжылтады. Соның салдарынан жүздеген қазақстандық әйел өмірінен, денсаулығынан және болашаққа деген үмітінен айырылып отыр. Зерттеуге сәйкес 2021 жылы үйде болған зорлық-зомбылық істерінің тек сотқа 40 пайызы жеткен. Ал ондай абьюзерлердің көбіне кешірім беріліп, босаған, ал олардың тек 39 пайызы ғана 2 сағаттан 3 тәулікке дейін әкімшілік қамауда отырған», — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Депутаттың пікірінше, отбасылық зорлық-зомбылық, қатыгез патриархалдық озбырлыққа шыдамаған әйелдердің жан дауысын еститін және қатаң шара қабылдайтын уақыт жеткен.

«Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін – бірінші елімізде құндылықтарға негізделген мәдениетті қалыптастыру, идеологияны жетілдіру, жауапкершілікті күшейту, ең бастысы заңды қатаңдату және оның сапалы орындалуын жүзеге асыруымыз қажет», — деді ол.

Ол AMANAT партиясы әрдайым заңды күшейтуге, аталған мәселені шешу үшін нақты қадамдар жасап жатқанын жеткізді. Алайда Үкімет тарапынан тиісті қолдау болмай отыр.

«Қыркүйектің басында балаларға және отбасындағы әйелдерге қарсы жасалатын зорлық-зомбылықты тоқтату мақсатында, аманаттық-депутаттар арнайы «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне» арналған заң жобасын тез арада әзірледі. Үкіметтік емес ұйымдар, белсенді эксперттер, мемлекеттік органдармен бірлескен кеңейтілген фракция отырысында заң жан-жақты талқыланып, пысықталды.

Ең бастысы, заң жобасында зорлық-зомбылық қылмыстық іс болып танылады, педофилдерді өмірбақи бас бостандығынан айырылады, жауапкершілік пен жаза күшейтіледі. Бұл құжат әйелдер мен балаларды қорғауға жоғары жауапкершілік және тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларына қатаң әрекет ету тетіктерін қарастырады. Дегенмен небір «қыңыр мүдделі» топтардың араласуымен аталған заң тұжырымдасындағы нормаларды Үкімет қолдамай отыр», — деді Сүлейменова.

Түсініксіз себептермен заң әлі Мәжіліске келмеген.

«Өзіміз жасаған, әйелдер мен балаларды нақты қорғайтын заң жобасына қажет қорытындыны Үкімет созбалап жатыр. Сонда тағы да қаншама әйелдің тағдыры сынғанын күтеміз бе?!», — деді депутат.

Осыған байланысты AMANAT фракциясының депутатары өз ұсыныстарын айтты:

  • Ең бастысы, әйелдер мен балалар зорлық-зомбылықтың құрбаны болмас үшін тіпті жеңіл түрдегі зорлық-зомбылықты қылмыс деп тану қажет. Заңнамада жазаны қатайту жүзеге асырылуға тиіс. Әйел мен балаға зорлық-зомбылық көрсеткендерге аяушылық танытуға болмайды. Ешкімнің әйел адамдарды қорлап өлтіруге қақы жоқ! Қылмыскерге қатаң жаза берілуін талап етеміз!
  • Заңнамада тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізетін жауапты мемлекеттік органды бекітетін уақыт жетті.
  • Үкіметтің әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ажырасқан әйелдерге алиментті уақтылы төлеуге бағытталған қатаң шаралар қабылданған мемлекеттік саясатты бекітуді сұраймыз.
  • Отбасылық зорлық-зомбылықтың профилактикасы мен криминализациясы қарастырылған бірнеше депутаттардың бастамасымен әзірленген Заң тұжырымдамасына тез арада оң қорытындыны күтеміз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz