үй Астанада Елорда әкімі азаматтарды қабылдағанда жүйелі мәселелер көтерілетінін айтты

Елорда әкімі азаматтарды қабылдағанда жүйелі мәселелер көтерілетінін айтты

14
0

Маңызды бағыттардың бірі – тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі нысандарының құрылысын аяқтау


                        Елорда әкімі азаматтарды қабылдағанда жүйелі мәселелер көтерілетінін айтты

Фото: aikyn.kz

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында апта сайын азаматтарды қабылдап тұратынын айтты, деп хабарлады Elorda.info. 

Апта сайын азаматтарды жеке қабылдап тұрамын. Онлайн-қабылдау барысында нақты және жүйелі мәселелер көтеріледі. Жүйелі мәселелерді шешу арқылы көптеген адамның қиындығын реттеп, оларға көмек көрсетуге болады.

Қазір біз биылғы абаттандыру маусымының әрі келесі жылдың да жұмыс жоспарын құрып отырмыз. Күн райы жылынған сәттен бастап қалада жолдарды, тротуарларды салу және жөндеу, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмысы басталады. Сол сияқты қалада әлеуметтік нысандардың (мектептер, жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үйлер, медициналық орталықтар), құрылысы ұзаққа созылған нысандардың және т.б. құрылысы жүріп жатыр, – деді елорда әкімі.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, маңызды бағыттардың бірі – тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі нысандарының құрылысын аяқтау. Бұл өз кезегінде жылумен, сумен жабдықтау, электр және т.б. мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Қабылдау барысында түсетін проблемалардың шешілуін назарда ұстаймын. Ал азаматтарды қабылдауға egov.kz, e-otinish порталдары немесе қала әкімдігінің кеңсесі арқылы жазылуға болады, – деді қала басшысы.

Источник: kaz.elorda.info