үй Астанада Елордада Астана күніне орай аламан бәйге өтеді

Елордада Астана күніне орай аламан бәйге өтеді

20
0

Сондай-ақ спикер биылға жоспарланып отырған бірнеше іс-шара туралы айтты


                        Елордада Астана күніне орай аламан бәйге өтеді

Фото: Оңалхан Өнерхан/Elorda Aqparat

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Ат спорты маусымының ашылуы туралы» олимпиадалық ат спорты түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Аманжол Хасенов пен «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінің басшысы Арман Мусипов брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

«Арғымақ» – Қазақстандағы ең ірі көпсалалы ат спорты-сауықтыру кешені. Нысанда негізгі үш құрылыс орналасқан: негізгі жабық манеж алаңы, биіктігі 12 метр, аумағы 40х80 метр және манежалды алаң 40х40 м, 600 орындық трибуна (оның ішінде мүгедектерге арналған 60 орын), төрешілер орны. 50 бас жылқыға арналған, барлық жағадай жасалған денниктер. Екінші қабатта ВИП аймақ (15 орындық трибуна және демалыс бөлмесі), мультимедиалық құрылғылары бар 150 адамдық конференц-зал, әкімшілік бөлмелер орналасқан.

Ашық конкур алаңы, 70х100 м., 1232 кісілік трибуна (оның ішінде мүгедектерге арналған 120 арнайы орын), төрешілер орны және т.б. Әрқайсысы 50 атқа есептелген 2 ат қора. Орталық жұмысын негізгі үш блокқа бөлуге болады: 1-блок – емдеу-оңалту. емдік атқа міну (иппотерапия), – деді спикер.

Елордада 7,1 мың мүгедек бала бар, олардың бір мыңға жуығы денсаулық жағдайы бойынша және диагнозға сәйкес иппотерапиямен айналысуы қажет. Балалар бейімделгіш ат спортымен шұғылдана алады және жарыстарға, оның ішінде арнайы олимпиада аясында қатыса алады.

2-блок – ат спорты. Балалар мен ересектерді атқа мінуге үйрету, түрлі деңгейдегі спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

2023 жылдың 26 ақпанында «Арғымақ» ашық кубогі конкур жарысы өткізілмекші. Қатысушылар саны 50 адам болады. Халықаралық әйелдер күніне орай 8 наурызда әйелдер арасында конкур жарысы өткізіледі. Көптеген іс-шара, оның ішінде ұлттық ат спорты түрлері бойынша жарыстар алда келе жатқан «Наурыз» мерекесіне орайластырылып өткізілмекші.

17-18 наурыз күндері біздің «Арғымақ» кешенінде Дәстүрлі садақ ату спорты бойынша Астана қаласының чемпионаты өткізіледі. Сонымен қатар «Қазанат» ипподромында 22 наурыз күні солтүстік аймақ ойыншылары қатысатын көкпар өткізіледі. 

Сондай-ақ спикер биылға жоспарланып отырған бірнеше іс-шара туралы айтты. 

1-2 мамырда «Ашық Конкур» қалалық конкур жарысы (балалар, жас жылқылар), 9 мамырда үш қашықтыққа ашық ат жарысы, 4 маусымда алман бәйге, кіші аламан, жорға бәйге, 5-5-7 шілдеде елордамыз Астана күніне орай аламан бәйге, құнан бәйге, жорға бәйге, сондай-ақ 7-8 қазанда көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілуден жарыстар өтеді. Ал 16 желтоқсанда конкурдан қалалық жарыс ұйымдастырылады, – деді ол.

3-блок – спорттық-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.

Ат-спорттық сауықтыру кешені өзін халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізетін кәсіби ат спорты клубы ретінде ғана емес, сонымен қатар толыққанды демалу және бос уақытты өткізу үшін беделді орын ретінде көрсететіндіктен, кешен құрамында спорттық-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу көзделген.

Орталықта отбасылық, корпоративтік демалысты жақсы өткізуге барлық жағдай жасалатын болады. Мәселен, ат спорты бойынша үйірмелер ашу, туристік маршруттар ұйымдастырып, ұлттық спорт түрлерін дамыту көзделген.

Опталықтағы тағы бір бағыт – ол өндірістік-шаруашылық жұмыстары:

— аттарды үйрету, оның ішінде асау атқа бас білдіру;

— аттарды арнайы дайындау;

— аттарды күту, ветеринарлық бақылау, жылқыларды тасымалдау және т.б. жұмыстарды атап өтуге болады.

Еске сала кетейік, «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны 2022 жылдың 25 қазанында, Республика күніне орай ашылған. 

Источник: kaz.elorda.info