үй Астанада Елордада есірткі қылмысына қарсы акция өтті

Елордада есірткі қылмысына қарсы акция өтті

26
0

Акция қала жастары көп жиналатын жерлерде жүзеге асырылды


                        Елордада есірткі қылмысына қарсы акция өтті

Фото: polisia.kz

Астанада есірткі қылмысына қарсы акция өтті, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

“Астана – есірткісіз қала” кешенді жоспарын орындау мақсатында ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Сарыарқа ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері “Астана жастары” КММ еріктілерімен және “Соцкз” қоғамдық қорының өкілдерімен бірлесіп, интернет-наркосайттардың жарнамасын тарату фактілеріне жол бермеу бойынша рейдтер жүргізіп жатыр.

Есірткіге қарсы акция барысында есірткі сату туралы мәліметтері бар қабырғаларды бояу Республика даңғылының ауданында, қала жастары көп жиналатын жерлерде жүзеге асырылды.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Источник: kaz.elorda.info