фото: ашық дереккөзден
Жаңа жылға арналған мерекелік дастарханға үй бикештері барынша дайындалады. Азық-түліктерден небір тағамдар мен тәттілер жасап, дастарханда бос орын қалдырмауға тырысады. Бұл келер жыл молшылық жылы болсын деген ниеттен туады. Бірақ, мол дастархан дайындау үшін де қалтаға салмақ түсетіні жасырын емес. Осы орайда Elorda.info тілшісі дүкен сөрелерінде жаңа жылдық мәзірге қажетті азық-түлік құнын есептеп көрді.
Сонымен, дастарханның бас мәзірі — манты, оның құрамына кіретін тартылған еттің 1 келісі 2300 теңгеге бағаланып отыр. Еттің нанына қажетті ұн 2 келілік қорапта сатылады, бағасы — 750 теңге. Картоп еттен басқа «Оливье» салатына да қажет, сондықтан екі келісі үшін 280 теңге. Пияздың бір келісі — 191 теңге, қырыққабат – 85 теңге. Жұмыртқаның он данасы – 700 теңге. Қияр мен қызанақ – 2415 теңге.
Сондай-ақ, жаңажылдық мәзірге әр үйдің дастарханынан табылатын «Оливье», «Селедка под шубой» салаттары, жеміс-жидектер мен сусындар және тәттілер есептелді.
«Оливье» салаты:
Пісірілген шұжық, 0,5 келі – 980 теңге;
Мойенез – 705 теңге;
Маринадталған қияр – 800 теңге;
Консервіленген бұршақ – 480 теңге.
«Селедка под шубой» салаты:
Балық, 0,5 келі — 900 теңге;
Қызылша, 0,5 келі — 135 теңге;
Сәбіз — 55 теңге.
Жеміс-жидектер:
Мандарин, Түркия – 1 100 теңге;
Алма – 500 теңге;
Апельсин – 1 000 теңге;
Банан – 810 теңге;
Ананас – 1 650 теңге.
Жүзім — 1 200 теңге
Тәттілер:
Торт – 3 500 теңге;
Кәмпит – 2 200 теңге;
Печенье – 1 500 теңге.
Алкогольді сусындар:
Коньяк, «Қазақстан» — 1 885 теңге;
Шампан, «Бахус» — 1 350 теңге.
Сусындар:
Coca-Cola, 2 л — 605 теңге;
Шырын, 1 л – 750 теңге;
Сарыағаш, 1,5 л – 180 теңге.
Қорытынды: 29 006 теңге.
Айта кетейік, азық-түлік бағасын есептегенде әр үйдің дастарханынан табылатын тағам өнімдері тандалды. Бұл жерде ескере кететін жәйт, барлық азық-түлік тек қажетті мөлшерде алынды. Одан басқа, бірер салат пен тіскебасарларды есептемегенде, кептірілген жеміс-жидектер бағасы ескерілмеген.
Источник: kaz.elorda.info