үй Астанада Елордада крещение іс-шарасы қалай өтіп жатыр

Елордада крещение іс-шарасы қалай өтіп жатыр

32
0

Крещение іс-шарасы 20 қаңтар күні сағат 02:00-ге дейін жалғасады


                        Елордада крещение іс-шарасы қалай өтіп жатыр

Фото: қалалық әкімдіктен

Православие шіркеулерінде 19 қаңтарға қараған түні крещение іс-шарасы атап өтілді. Елордада мұндай іс-шараға қатысқысы келетіндер үшін арнайы жабдықталған орындар дайындалды. Елорданың жүздеген тұрғындары мен қонақтары жаппай шомылу орындарына жиналды, деп хабарлады Elorda.info.

Су қоймаларында православие бағытын ұстанатындар крещение рәсімінен өтті. Елордада осыған байланысты бірнеше орын анықталды.

Арнайы жасалған ойықтар Есіл өзенінің оң жағалауында, М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы, «Гранд Алатау» тұрғын үй кешені маңында және Жағалау ауданында жасалған.

Бұл іс-шара астаналықтар арасында өте танымал. Олар мұзды ойыққа түсер алдында халат пен суға түсетін киімін кию үшін арнайы орнатылған шатырлардың жанына жиналды.

Су айдындарының жанында полиция қызметкерлері, елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етті. Олардың айтуынша, үсік шалу мен жарақаттануды болдырмау үшін жабдықталмаған және белгіленбеген орындарда суға түспеген жөн.

Елордалық ТЖД қызметкерлері қауіпсіз күйде суға түсіп шығу үшін ағаштан жасалған баспалдақ орнатылғанын түсіндірді. Олар аязды күндері крещение іс-шарасынан өтетін жұртқа ағаш тұтқаларды ұстап, баспалдақтан алыстамау керектігін ескертті.

Крещение өтетін ойықтың маңы арнайы жабдықтармен және киінуге арналған орындармен жабдықталған. Қажет болған жағдайда құтқарушылар мен дәрігерлер суға түскендерді жылыту пунктеріне орналастыруға және медициналық көмек көрсетуге дайын.

Іс-шараға түрлі жастағы адамдар отбасыларымен қатысты. Олар мұзды суға түскенін былайша түсіндіріп берді.

Крещение іс-шарасына екінші рет қатысып тұрмын. Суық су денсаулыққа өте пайдалы. Бастапқыда тынысың тарылып, тоңып кеткеніңмен, көп ұзамай денеңе жылу барады, – деді елорда тұрғыны Александр Катков.

Студент Анастасия Цулуйко ұзақ уақыт үзілістен кейін мұзды суға алғаш рет түскелі тұр екен.

Жыл сайын анаммен және әжеммен бірге келеміз. Олар үшін бұл маңызды оқиға және діни дәстүрдің бір түрі. Мұздай суға түсу рәсімі адамдардың күнәларынан арылуына септігін тигізеді. Негізі қасиетті рәсімге алдын ала дайындалғаныңыз жөн. Бүгін бәрі ойдағыдай болады деп үміттенемін, — дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, крещение іс-шарасы 19 қаңтар күні таңғы 08:00-ден 20 қаңтар күні сағат 02:00-ге дейін жалғасады.

Источник: kaz.elorda.info