үй Астанада Елордада қосымша автобус бағдары іске қосылды

Елордада қосымша автобус бағдары іске қосылды

26
0

Ол Ынтымақ ауылына да жүретін болады


                        Елордада қосымша автобус бағдары іске қосылды

Фото: ашық дереккөзден

Елордада Ынтымақ елді мекеніне қатынайтын қосымша автобус бағдары іске қосылды, деп хабарлады Elorda.info City Transportation Systems-ке сілтеме жасап.

11 ақпаннан бастап қала маңына қатынайтын жаңа № 328 бағдары іске қосылды. Ол Ынтымақ ауылына да жүретін болады.

Жаңа бағдар Тілендиев даңғылындағы «Шұғыла» аялдамасынан «Ынтымақ» ауылына дейін қатынайды.

Бұл бағдарға «Iveco Daily» автобусы (1 бірлік) қызмет көрсетеді. Жүру кестесі Instagram желісіндегі CTS парақшасында жарияланады.

Источник: kaz.elorda.info