үй Астанада Елордада «Ырыс алды – ынтымақ» атты іс-шара өтті

Елордада «Ырыс алды – ынтымақ» атты іс-шара өтті

17
0

Мұнда тұсаукесер және бата беру рәсімінен көріністер көрсетілді


                        Елордада «Ырыс алды – ынтымақ» атты іс-шара өтті

Фото: Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы баспасөз қызметінен

«Достық» үйінде Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммунальдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ырыс алды  – ынтымақ» атты іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараның мақсаты – отбасылық тәрбиені дәріптеу, қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын күнделікті өмірде қолдану сондай-ақ мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін ұғыну.

Қазіргі кезде елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты – өз елінің дамуы мен өркендеуіне үлес қосатын мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеп шығару, үлгілі отбасының шамшырағын жарқырату.

Іс-шара барысында өзге ұлт өкілдері «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы» қарсаңында тұсаукесер және бата беру рәсімінен көріністер көрсетілді. Кейін жиналғандар наурыз көжеден дәм татты.

Источник: kaz.elorda.info