үй Астанада Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? ...

Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Кеше, 11:10

2
0

Синоптиктер 21-23 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
                Кеше, 11:10

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Синоптиктер 21-23 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкс, таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі белсенді циклонның ықпалында болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 22 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста болады деп күтіледі. Республика бойынша 15-28 м/с жел күшейеді, солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі.

«Кезеңнің аяғына қарай еліміздің батысында ауа температурасының 2-12 аязға дейін төмендеуі күтіледі, республиканың шығысында түнде температураның 8-13 аяздан 0-5 жылуға дейін көтерілуі күтіледі, Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар күтілмейді», — делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz