үй Астанада Жеңіс Қасымбек №1 коммуналдық автобус паркінің қызметімен танысты

Жеңіс Қасымбек №1 коммуналдық автобус паркінің қызметімен танысты

105
0

Мұнда 1000-нан астам жүргізуші еңбек етеді


                        Жеңіс Қасымбек №1 коммуналдық автобус паркінің қызметімен танысты

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін №1 коммуналдық автобус паркінің қызметімен танысты. Бұл туралы қала әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл автопарк жұмысы қаланың жетпіске жуық бағытын қамтиды, мыңнан астам жүргізуші еңбек етеді.

Субсидиялар есебі арқылы азаматтардың жеңілдетілген санаттары қоғамдық көлікте тегін қатынайды. Сол сияқты осы жылдың қаңтар айынан бастап тегін қатынайтын азаматтардың санатын да кеңейттік. Осыған дейін қалада кәмелетке толмаған тұрғындардың бәрі тегін жол жүрумен қамтылған болатын.

Қала тұрғындарының саны өсіп келе жатқанын, сондай-ақ жаңа көшелердің ашылғанын ескерер болсақ, қосымша автобустарды іске қосу қажет. Биыл желіге тағы 500 автобус (оның ішінде жеке инвестициялар есебінен де бар) шығаруды жоспарлап отырмыз. Сол сияқты жол-көлік желісін дамытуға, яғни көшелерді, көпірлерді жөндеу мен салуға, жаңа жолдарды ашуға және т.б. назар аударуды тапсырдым, — деп жазды қала әкімі.

Источник: kaz.elorda.info