үй Астанада Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

31
0

Астанада 16 елді мекен бар


                        Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

фото: gov.kz

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездескенін мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездестім. Тұрғындар инженерлік желілерді, электрмен жабдықтау желілерін, әлеуметтік нысандарды, жолдар салу, абаттандыру, көгалдандыру, аялдамалар және т.б. мәселелерді көтерді. Елді мекенді дамытудың жалпы жоспарын құрамыз, ең алдымен шешілуі тиіс міндеттерді және екінші кезеңде қолға алу қажет мәселелерді анықтаймыз. 

Бірінші кезектегі міндет — Үркер елді мекенінде кәріз және электрмен жабдықтау желілері проблемасын шешу. Біз мұны бірінші кезекте орындаймыз. Сол сияқты бірқатар әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізіп жатырмыз. Мәселен мердігерлерге биыл дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен өрт сөндіру депосының құрылысын аяқтау міндеті тапсырылды. 

Сондай-ақ осы елді мекенде екі мектеп (2024 жылы және 2025 жылы пайдалануға беріледі) саламыз. Қалада келесі оқу жылына 13 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 100 мың оқушы орнына арналған 25 мектеп (2 ауысымды) саламыз. Олардың құрылысын биылдан бастаймыз. 

Астанада 16 елді мекен бар. Елорданың әрбір төртінші тұрғыны елді мекенде тұрады. Әрбір елді мекеннің тұрғындарымен жеке кездесемін. Аудандар мен елді мекендерді дамыту жоспарын бірлесіп анықтаймыз», — деп жазды елорда әкімі.

Источник: kaz.elorda.info