үй Астанада ЖЭО-3 қашан іске қосылады? Астана әкімдігі жауабы ...

ЖЭО-3 қашан іске қосылады? Астана әкімдігі жауабы Кеше, 09:22

22
0

Астанада 10 жылдан аса салынып жатқан ЖЭО-3 қашан іске қосылатыны айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


ЖЭО-3 қашан іске қосылады? Астана әкімдігі жауабы
                Кеше, 09:22

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Астанада 10 жылдан аса салынып жатқан ЖЭО-3 қашан іске қосылатыны айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Астананың Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы нысанның дайындығы 83 пайыз екенін хабарлады.

«Басқарма Мемлекет басшысының ескертулерін жою, атап айтқанда 2023 жылдың аяғына дейін ЖЭО-3-ті іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Нысанда 255 адам жұмыс істейді. Ыстық су қазандығы, бірінші көтергіштің сорғысы, 110 киловольттық сыртқы тарату құрылғысы, су тазарту қондырғысы, электрофильтрлер және т.б. жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді қала әкімдігі өкілдері.

Жобаның жалпы құны 122 миллиард теңге болады, бүгінде оның 95,3 миллиард теңгесі игерілген.

«2023 жылға арналған жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес бірінші кезектегі ЖЭО-3-ті іске қосу 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінде уәкілетті органдар жобаны тексеріп жатыр, сондай-ақ жыл сайын уәкілетті органдар осы жобаны тексеру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізді», — дейді басқарма өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz