үй Астанада LRT қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді ...

LRT қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді Кеше, 14:31

23
0

LRT 2024 жылдың аяғына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


LRT қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
                Кеше, 14:31

LRT 2024 жылдың аяғына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, көлік жүйесі құрылысының келесі кезеңі 2022 жылы басталған. Жұмысты екі жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

«Алғашқы соманы былтыр Үкімет бөлді. Биыл бұл нысанның құрылысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Мобилизациялау жұмыстары, сондай-ақ LRT-де жұмыс істейтін болашақ пойыздар, техника бойынша аванстық төлемдер жүргізіліп жатыр. Жоба 2023-2024 жылдар аралығында жүзеге асырылады деп жоспарланған, келесі жылдың аяғына дейін іске қосылуы тиіс», — деді қала әкімі.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысы тоқтатылатын болса, шығын бұдан да көп болатынын айтқан болатын. «Мен LRT жобасының негізі қате болғанын айттым. Бірақ қазір басқа амалымыз жоқ. Біз бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек», — деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz