Павлодар облысындағы дауыл салдарынан аймақтың бір бөлігі электр қуатынсыз қалды. Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында ағаштар, бағдаршамдар,
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Павлодар ТЖД баспасөз қызметі Павлодар облысындағы дауыл салдарынан аймақтың бір бөлігі электр қуатынсыз қалды. Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында ағаштар, бағдаршамдар, автобус аялдамалары құлап, шатырлар бұзылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта шатырдың бұзылуы бойынша барлығы 42 оқиға тіркелген. «100 елді мекенде электр қуаты үзілсе, қазір 60-ында қалпына келтірілді. 40 елді мекен жарықсыз қалды. Азаматтық қорғау қызметінің күштері мен құралдарын пайдалана отырып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда», — делінген хабарламада. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға мүмкіндігінше ауа райы жақсарғанша жолға шықпау керегін ескертті. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz