үй Астанада Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты ...

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты Кеше, 10:47

161
0

Павлодар облысында Екібастұз бен МАЭС-1 станциясын жалғайтын автожолдың көпірінде екі жеңіл көлік соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші мен жолаушы

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты
                Кеше, 10:47

Видео кадры

Павлодар облысында Екібастұз бен МАЭС-1 станциясын жалғайтын автожолдың көпірінде екі жеңіл көлік соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші мен жолаушы қаза болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін МАЭС-1 станциясына апаратын автожолдың бойында болған.

«Көпір үстінде Митсубиси маркалы автокөлік «Вольво» автобусын басып озып, қарсы жолақта «Ауди» жеңіл көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік апатының салдарынан «Ауди»көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — дедінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz