үй Астанада Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі әуежайда ұсталды ...

Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі әуежайда ұсталды Кеше, 10:16

14
0

Ыстамбул әуежайының полицейлері жер сілкінісі кезінде толығымен қираған Хатай провинциясындағы тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі Мехмет Яшар

  • АВТОР
  • Гүлнара Досымшалова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі әуежайда ұсталды
                Кеше, 10:16

Ыстамбул әуежайының полицейлері жер сілкінісі кезінде толығымен қираған Хатай провинциясындағы тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі Мехмет Яшар Джошкунды ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Onedio басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, элиталық тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер 1,5 миллион лирадан 3 миллион лираға дейін (35,9 — 71,8 миллион теңге) сатылған. Бірақ, шаршы метрлердің қымбаттығы олардың сапасына кепілдік бермеген.

Үйді салған екі ағайынды сәулетші Мехмет Яшар Джошкун мен құрылыс инженері Хусейн Ялчин Джошкун екені белгілі және олар жер сілкінісінен кейін із-түзсіз жоғалып кеткен. Оларға қатысты тергеу басталып, қамауға алуға санкция берілді.

10 ақпанда Махмет Яшар Ыстамбул әуежайында ұсталды. Ол шетелге ұшуды көздеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz