үй Астанада Tartyl Fest гранд-финалы қашан өтетіні белгілі болды ...

Tartyl Fest гранд-финалы қашан өтетіні белгілі болды Кеше, 09:49

40
0

Турникке тартылу бойынша өтетін жарыс Tartyl Fest-тің гранд-финалы 18 ақпанда Астанада өтеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазинформ"

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Tartyl Fest гранд-финалы қашан өтетіні белгілі болды
                Кеше, 09:49

Фото: inform.kz

Турникке тартылу бойынша өтетін жарыс Tartyl Fest-тің гранд-финалы 18 ақпанда Астанада өтеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазинформ» сайтына сілтеме жасап.

Турнир Президент жанындағы DARA таланттарды қолдау қорының бастамасымен өтеді.

Жоба идеясының авторы — белгілі қазақстандық продюсер Нұрлан Қоянбаев, жобаның бренд-елшісі — street workout бойынша рекордсмен Айтым Жақыпов.

Гранд-финалға өңірлік іріктеу жарыстарында үздік нәтижелерге қол жеткізген 170 спортшы қатысады. Қатысушылардың жасы — 14 жастан 51 жасқа дейін.

Еске салайық, 2022 жылы тартылу бойынша жарыс Қазақстанның 20 қаласында өтті, қатысушылар тоғыз салмақ дәрежесі бойынша жарысты. Тартылу саны бойынша рекордты (50 рет) Тараздан келген 33 жастағы Евгений Нам жасады.

Tartyl Fest-ке барлығы 7 мыңнан астам қазақстандық қатысты. 2022 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан астанасында Қазақстанның барлық өңірінен Tartyl Fest жеңімпаздары анықталды.

«Бұл DARA Қоры ұйымдастырған алғашқы жоба шын мәнінде халық жобасына айналды және Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту саласында қойған міндеттерін іске асырудың табысты үлгісі болды. Біз отандастарымыздың көбі түрлі әлеуметтік лифттерді пайдалана отырып, өз таланттарын жүзеге асыра алатындай басқа да салаларда осындай алаңдар құруға ниеттіміз», — деп атап өтті Нұрлан Қоянбаев.

Гранд-финал 2023 жылдың 18 ақпанында EXPO алаңындағы Конгресс орталығында сағат 12.00-де басталады. Жарыс Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Гранд-финалдың жалпы жүлде қоры — 54 миллион теңге. Бірінші орын үшін жеңімпаз 3 миллион теңге алады, екінші орын үшін жүлделер 2 миллион теңгені, үшінші орын үшін 1 миллион теңге беріледі.

Сонымен қатар, гранд-финал чемпиондары Street workout бойынша әлем чемпионатында Қазақстанның атынан шыға алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz