үй Астанада ҚТЖ басшысына компанияның қаржылық жағдайы туралы сұрақ қойылды ...

ҚТЖ басшысына компанияның қаржылық жағдайы туралы сұрақ қойылды Кеше, 14:12

27
0

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаев компанияның кірісі туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


ҚТЖ басшысына компанияның қаржылық жағдайы туралы сұрақ қойылды
                Кеше, 14:12

Фото:depositphotos.com

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаев компанияның кірісі туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметте өткен брифингте журналистер ҚТЖ-ның қазіргі қаржылық жағдайы туралы сұрады.

«Егер 2019 жыл туралы айтатын болсақ, компанияның негізгі стратегиялық мақсаты компанияның қаржылық тұрақтылығы болды. Екі жылдан кейін бұл мәселе күн тәртібінен алып тасталды және өзектілігін жоғалтты. Кейінгі екі жылда табысымыз 1,3 триллион теңгеден биыл екі триллионға жуықтаған», — деді Сауранбаев журналистер сауалына жауап бере отырып.

Сауранбаевтың айтуынша, компания соңғы үш жылда пайда көрсетіп келеді.

«Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша 130 миллиард теңге. Соған қарамастан, ҚТЖ-ны несиелендіру мәселесі қалады, себебі тарифте кредиттерді қайтаруға арналған мөлшерлеме көзделмеген. Бізге қойылған барлық міндет, жаңа жолдар салу, вагондар сатып алу, олар жеңілдікті бағамен, бірақ олар әлі де ҚТЖ кредиті ретінде ресімделеді. Несиелендіру өсіп жатыр, Мемлекет басшысының, Үкімет басшылығының тапсырмасы бар, қазір осымен айналысып жатырмыз», — деп түйіндеді ҚТЖ басшысы.

Сонымен қатар, журналистер компания басшысынан вагондар қандай қаражатқа жаңартылатынын нақтылады.

«Біріншісі, егер презентацияны көрген болсаңыз, 2030 жылға дейін 800-ден аса вагон сатып алынады. Жолаушылар тасымалы мемлекеттің әлеуметтік қызмет болып табылады және оларға республикалық бюджет ақша бөледі», — деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz