Алматыдағы жер сілкінісінен кейін 2400-ден аса афтершок болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Алматыдағы жер сілкінісінен кейін 2400-ден аса афтершок болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы мәліметінше, 23 қаңтар мен 29 қаңтар аралығында Қазақстан бойынша 2405-тен аса әлсіз афтершок тіркелді, олардың тек 12-сі Алматыда сезілген — 2 балл. «Бұл ошақта жер сілкінісінен кейін афтершоктар бүгінгі күнге дейін жалғасып жатыр, бұл да табиғи құбылыс, бұл процестің қанша уақытқа созылатынын айту қиын. Бұл көптеген факторға байланысты болады: жер сілкінісінің эпицентрі орналасқан аймақтың сейсмикасы, жер қыртысының геологиялық құрылымы, тектоникалық ерекшеліктері және басқа параметрлер. Бірте-бірте сейсмиканы белсендіру процесі әлсірейді және ол қалыпты режимге оралады», — делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz

