Сейсмологтар Алматыдағы жер сілкінісінен кейін 1800-ден аса афтершок тіркеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Сейсмологтар Алматыдағы жер сілкінісінен кейін 1800-ден аса афтершок тіркеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, 23-26 қаңтар аралығында Қазақстан бойынша 1800-ден аса әлсіз афтершок тіркелсе, оның тек 11-і Алматыда сезілген — 2 балл. «Бұл ошақта жер сілкінісінен кейін афтершоктар бүгінгі күнге дейін жалғасып жатыр, бұл да табиғи құбылыс, бұл процестің қанша уақытқа созылатынын айту қиын. Бұл көптеген факторға байланысты болады: жер сілкінісінің эпицентрі орналасқан аймақтың сейсмикасы, жер қыртысының геологиялық құрылымы, тектоникалық ерекшеліктері және басқа параметрлер. Бірте-бірте сейсмиканы белсендіру процесі әлсірейді және ол қалыпты режимге оралады», — делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






