үй Қазақстан жаңалықтары 2023 жылы үш визит — орталықтың құрылысы аяқталады

2023 жылы үш визит — орталықтың құрылысы аяқталады

18
0

307 rob

2023 жылы үш визит - орталықтың құрылысы аяқталады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі биыл тағы үш визит-орталықтың құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасында шығатын «Тікелей эфир» айдарында Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сеидалиева мәлімдеді. Тікелей эфир қонағы Қазақстандағы визит-орталықтардың жұмысы туралы айтып, желі қолданушыларының сұрақтарға жауап береді, деп хабарлайды DKNews.kz.

«2023 жылы үш визит-орталықтың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Ол «Сауран», «Гаухар-ана» және «Ордабасы» туристік оралықтары. Аталған тарихи визит-орталықтардың үшеуі де еліміздің рухани астанасы — Түркістан облысында орналасқан» Жанат Сеидалиева

2023 жылы үш визит - орталықтың құрылысы аяқталады

«Сауран» қалашығы Түркістан қаласынан 40 шақырым жерде. Мұнда келушілер мен туристерге қызмет көрсету үшін заманға сай инфрақұрылым жасалады. Ал, «Гаухар-ана» кесенесі — Орта Азия аумағындағы әйелдер құлшылық жасауға арнайылап келетін орын. Визит-орталықта қонақтарға жайлы жағдай жасау үшін түнеуге арналған орындар қарастырылған. «Ордабасы» аумағында да визит-орталықтың құрылысы белсенді жүріп жатыр.

2023 жылы үш визит - орталықтың құрылысы аяқталады

«Визит-орталықтар бірінші кезекте ғылыми, мәдени, ақпараттық кешендер ретінде пайдаланылатын болады. Мұнда туристер үшін барлық қолайлы жағдай жасалады. Бұдан бөлек жергілікті жердің мәдени-туристік кластерін дамытуға, өңірдің брендке айналған тарихи-мәдени және табиғи ресурстарды пайдалана отырып, имидждік, туристік өнімдерді жасауға үлкен мүмкіндік» Жанат Сеидалиева

Бүгінгі таңда Қазақстанда үш визит-орталық толық қарқында жұмыс істеп жатыр. Ол Алматы облысындағы «Таңбалы», Ұлытау облысындағы «Ұлытау» және Түркістан облысындағы «Отырар» орталықтары.

Источник: dknews.kz