үй Қазақстан жаңалықтары 2024 жылғы активтер мен міндеттемелер туралы декларация: нені білу маңызды

2024 жылғы активтер мен міндеттемелер туралы декларация: нені білу маңызды

69
0

176 Арман

2024 жылғы активтер мен міндеттемелер туралы декларация: нені білу маңызды

Фотосурет: sputnik.kz

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша хабарлайды.

Жалпыға бірдей декларациялауға байланысты мәселелер

Үшінші кезең шеңберінде 2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны кім тапсыруы керек?

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруға тиіс.

Бұл талап әрекетсіз және қызметін тоқтатқан тұлғаларға да қолданылады.

Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғалар болып табылмайтындықтан, 2024 жылы филиалдар мен өкілдіктердің басшыларында декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындамайды (АК 43-бабының 3-тармағы).

Сондай-ақ, 2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жеке практикамен айналысатын адамдар ұсынбайды.

Декларацияда қандай мәліметтерді көрсету қажет?

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі барлық азаматтардың активтері мен міндеттемелері туралы декларация беруінен тұрады. Онда жеке тұлғаның барлық мынадай шетелдік активтері, жылжымалы, жылжымайтын мүлкі көрсетіледі:

  • шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;
  • шетелдік банктегі 3,5 млн теңгеден жоғары (1 000 АЕК) ақша;
  • шетелдік компаниядағы қатысу үлесі;
  • бағалы қағаздар, цифрлық активтер (биткоиндер және т. б.);
  • үлестік қатысу шарты (тұрғын ғимараттағы үлесі);
  • инвестициялық алтын (құйма алтын);
  • зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;
  • 34,5 млн. теңге (10 000 АЕК ) шегінде қолма-қол ақша;
  • басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған қарыз шарттары. 
  • құны 3,5 млн. теңгеден асатын басқа да мүлік (қалауы бойынша) (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және т. б.) – бағалауды 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша декларацияны тапсыру мерзіміне дейін (2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей) жасау қажет.

Декларацияны ұсыну тәсілдері мен мерзімі?

Декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет. Декларацияны «Салық төлеуші кабинеті», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-salyqАzamat», Halyk, Bank CenterCredit мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз нұсқада пошта арқылы немесе өздері барып ұсынуға құқылы.

Декларацияны тапсыруға қалай дайындалуға болады?

Шетелдегі және Қазақстандағы активтерді барынша дұрыс декларациялау қажет. Кейіннен активтер құны салық салынатын кірісті айқындау кезінде ескерілетін болады.

Сондықтан декларацияны толтыру алдында:

  1. тиісті растайтын құжаттарды дайындауды;
  2. 31.12.2023 жылға дейін ақшалай қаражатты (34,5 млн теңгеден астам) банктік шоттарда салуды;
  3. бастапқы декларация берілген күнге дейін 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша борыштар мен талаптарды нотариалды куәландыруды;
  4. декларация берілген сәтке дейін 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бірлігінің құны 3,5 млн теңгеден асатын мүлікті бағалауды;
  5. Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің бар-жоғын:
  • бағалы қағаздар бойынша: portal.kacd.kz;
  • тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша: homeportal.kz; gov.kz;
  • зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша: gosreestr.kazpatent.kz;
  • сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша: egov.kz сайттарда тексеруді ұсынамыз;

Дебиторлық/кредиторлық берешектің (қарыз шартының) болуы бойынша сұрау салуды Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға жолдау қажет.

Декларацияны түзету

Азаматтар кез келген қате немесе анық емес көрсетілген мәліметтерді Салық кодексінде көзделген талап қою мерзімі шегінде қосымша декларация беру арқылы дербес жоюға құқылы.

Жеке тұлғалардың кірістеріне салықтық бақылау қалай жүргізіледі?

Бастапқыда автоматты камералдық бақылау – жеке тұлғалардың шығыстарына мониторинг келесідей жүргізіледі:

  • декларацияның болуы/болмауы тексеріледі;
  • декларацияда кірістер мен мүлікті көрсетпеу және кірістерді төмендету фактісі анықталады.

Одан кейін камералдық бақылау қорытындылары бойынша бұзушылықтарды жоймаған азаматтарға қатысты салықтық тексеру жүргізіледі.

Источник: dknews.kz