үй Қазақстан жаңалықтары 25 градусқа дейін жылы: 16 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады? ...

25 градусқа дейін жылы: 16 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады? Кеше, 09:06

19
0

"Қазгидромет" синоптиктері бүгін, 16 қарашада елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


25 градусқа дейін жылы: 16 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады?
                Кеше, 09:06

Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» синоптиктері бүгін, 16 қарашада елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада түнде және таңертең оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі.

Түркістан облысының тау асуларында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.

Қызылорда облысының батысында тұман күтіледі.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz