үй Қазақстан жаңалықтары 32 градусқа дейін аяз және жауын-шашын: 14 ақпанға арналған ауа райы болжамы ...

32 градусқа дейін аяз және жауын-шашын: 14 ақпанға арналған ауа райы болжамы Кеше, 09:26

28
0

Синоптиктер республика бойынша 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • АВТОР
  • Гүлнара Досымшалова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


32 градусқа дейін аяз және жауын-шашын: 14 ақпанға арналған ауа райы болжамы
                Кеше, 09:26

Синоптиктер республика бойынша 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, солтүстік-батыс циклон жырасының әсерінен ҚР батысында, солтүстік-батысында қар, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын (қар, жаңбыр түрінде) жауып, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді, елдің батысында, оңтүстігінде көктайғақ болжанды.

«Тек республикамыздың солтүстік жартысында, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша тұман болжанды», — делінген хабарламада.

Астана қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде -21-23 градус, күндіз -10-12 градус болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -7-9 градус, күндіз +1+3 градус болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде -1+1 градус, күндіз +8+10 градус болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz