үй Қазақстан жаңалықтары 55 жастағы жолаушы Qazaq Air бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбағаны үшін рейстен түсірілді

55 жастағы жолаушы Qazaq Air бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбағаны үшін рейстен түсірілді

15
0


                55 жастағы жолаушы Qazaq Air бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбағаны үшін рейстен түсірілді

Фото: Polisia.kz

55 жастағы жолаушы ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбағаны үшін рейстен түсірілді.

Алматы, NEGE. 2023 жылдың 27 қаңтарында Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Qazaq Air әуекомпаниясының өкілдерінен Астана-Шымкент бағытындағы рейстің жолаушысына қатысты шара қабылдау туралы хабарлама келіп түсті. Құқықбұзушы акт бойынша көлік полицейлеріне берілді. 

Тексеру барысында полицейлер масаң күйінде болған және ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Шымкент қаласының 55 жастағы тұрғынын анықтады.  Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, ол «жеңіл дәрежелі» алкогольдік масаң күйінде болған. 

Ер адамға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу) бойынша, ҚР ӘҚБтК-нің 566-бабы 1-бөлігі (әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзу) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, 8 айлық есептік көрсеткіш (27 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салды. 

Источник: nege.kz