үй Қазақстан жаңалықтары 6 адам улы газдан уланды, оның біреуі қайтыс болды

6 адам улы газдан уланды, оның біреуі қайтыс болды

89
0

169 rob

6 адам улы газдан уланды, оның біреуі қайтыс болды

Фотосурет: pixabay.com

Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Сайрам ауданы, Манкент ауылында 3 адамның улы газдан уланғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Үй ішінде өрт болғаны байқалмады. Үйде қатты отынмен жылыту пешін пайдалану қағидаларын бұзғандықтан, пештің мұржасы тазартылмағандықтан 1995, 1974 және 2004 жылы туған үш адам улы газдан уланған. Барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары. Қазіргі таңда екі азамат ауруханаға жатқызылды, жағдайлары ауыр. Ал 2004 жылғы туылған жасөспірім улы газдан уланып оқиға орнында қайтыс болды.

Сонымен қатар ағымдағы жылғы 12 қаңтар күні Ақтөбе қаласындағы жеке үйдің газ плитасынан газ шығып, 2011 және 2013 жылы туылған балалар  табиғи улы газбен уланып қалғандары жөнінде ақпарат келіп түсті. Аталған балалар Көп салалы обылыстық ауруханасының соматия бөліміне жатқызылды.

Улы газдан уланудың тағы бір жағдайы Атырау облысында тіркелді. 2023 жылғы 12 қаңтарда Құрманғазы ауданының Жыланды ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінде табиғи газбен жылыту пешінің ақауы салдарынан тартудың болмауына байланысты 2011 жылы туған жасөспірім улы газдан уланып, аудандық ауруханаға жатқызылды.

Улы газдан уланудың себептері:

  • пешті жылытуды пайдалану қағидаларын бұзу (пеш жапқышын уақтылы жаппау, отынға таза ауаның жеткіліксіз қолжетімділігі, нашар тарту).
  • пеш пен мұржаның дұрыс жұмыс істемеуі (пеш құрылымындағы жарықтар, бітелген мұржа).
  • адамның өрт ошағында болуы.

оттегінің жетіспеушілігі жағдайларында тұрмыстық газдың жануы және желдетудің нашар болуы;

ТЖМ газ құралдарын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады.

Источник: dknews.kz