үй Қазақстан жаңалықтары 70 кварталдағы төрт қабатты үйде өрт болды

70 кварталдағы төрт қабатты үйде өрт болды

30
0

224 Awrora

70 кварталдағы төрт қабатты үйде өрт болды

2023 жылдың 1 ақпанында сағат 14:13-те өртке қарсы қызметке 70 квартал мекенжайы бойынша төрт қабатты тұрғын үйдің кіреберісінде түтін шыққаны  екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде үшінші кіреберісте қатты түтін пайда болды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буынын құрғаннан кейін құтқарушылар дереу барлауға кірісті. Осы уақытта тұрғындар өздігінен эвакуацияланды. Оларға психологиялық көмек көрсетіліп, алғашқы медициналық тексеру жүргізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Барлау барысында жертөледе 2 шаршы метр аумақта қоқыс жанғаны анықталды. Өрт сөндірушілердің шебер әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

70 кварталдағы төрт қабатты үйде өрт болды

4-қабаттағы пәтерден құтқарушылар мүгедек әйелді эвакуациялады.

Өрттің себебі анықталуда.

70 кварталдағы төрт қабатты үйде өрт болды

Абай облысының ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы еске салады!

Сақ болыңыз! Төтенше жағдай туындаған кезде «101» немесе «112» нөмірлері бойынша хабарлаңыз.

Источник: dknews.kz