үй Қазақстан жаңалықтары Ақтөбелік жігітті бопсалап, онлайн несие рәсімдеген күдіктілер құрықталды

Ақтөбелік жігітті бопсалап, онлайн несие рәсімдеген күдіктілер құрықталды

22
0


                Ақтөбелік жігітті бопсалап, онлайн несие рәсімдеген күдіктілер құрықталды

Фото: ғаламтордан

Ақтөбелік жігітті бопсалап, онлайн несие рәсімдеген күдіктілер құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Ақпан айының басында полиция бөліміне 25 жастағы жігіт жүгінген. Ол өз арызында бейтаныс екі қыз бен жігіт қорқытып, ұялы телефонын тартып алып, мобильді қосымша арқылы 500 мың теңге онлайн несие рәсімдеген.

Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 1991 және 1985 жылы туған екі қызды және 1991 жылы туған жігітті анықтап, ұстады. Ұрланған ұялы телефон тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Источник: nege.kz