үй Қазақстан жаңалықтары Ақтөбелік Ұлттық ұлан офицері республикалық байқаудың жүлдегері атанды

Ақтөбелік Ұлттық ұлан офицері республикалық байқаудың жүлдегері атанды

58
0

236 rob

Ақтөбелік Ұлттық ұлан офицері республикалық байқаудың жүлдегері атанды

Фотосурет: ҚР ҰҰ баспасөз қызметі

Елімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында батальон буынының офицерлері мен сержанттары арасында дәстүрлі түрде өткізілетін «Үздік батальонның командирі», «Үздік штаб бастығы», «Батальон командирінің үздік ТжӘҚЖ бойынша орынбасары» және «Үздік взвод сержанты», «Үздік бөлімше командирі», номинациялары бойынша конкурстың қорытынды кезеңі өткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Желтоқсан айының 12-14 арасында өткізілген аталмыш байқауға әскери бөлімдер мен өңірлік қолбасшылықтарда ұйымдастырылған екі кезеңнен сүрінбей өткен 16 офицер,  15 сержант барлығы 31 әскери қызметші қатысты.

Ақтөбелік Ұлттық ұлан офицері республикалық байқаудың жүлдегері атанды

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл байқауда биыл қатысушылардың біліктілігін, мемлекеттік-құқықтық даярлық, қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы, атыс даярлығы, дене шынықтыру даярлығы, жалпы әскери жарғылар, мемлекеттік тілді және басшылық құжаттарды білу, оқыту пәндері арқылы тексерген болатын. Аталмыш байқау қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімшесінің 3 жедел мақсаттағы батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтар жөніндегі орынбасары капитан Валиев Шыңғысхан Сағитұлы жүлделі 3 орынды иеленді.

Ақтөбелік Ұлттық ұлан офицері республикалық байқаудың жүлдегері атанды

Капитан Валиев Шыңғысхан Сағитұлы 2015 жылы Қазақстан Республикасының Петропавл қаласында орналасқан Ұлттық ұланның әскери      институтын бітірген. Өзінің алғашқы еңбек жолын Атырау қаласында орналасқан 5546 әскери бөлімінде взвод командирінен бастаған. Ал қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімінің 3 жедел мақсаттағы батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары лауазымында өз қызметін абыроймен атқарып жүр.

Ақтөбелік Ұлттық ұлан офицері республикалық байқаудың жүлдегері атанды

Ақтөбелік Ұлттық ұлан офицері республикалық байқаудың жүлдегері атанды

«Менің осындай Республикалық байқауға алғашқы қатысуым.  Алайда, алдағы уақытта мүмкүндік болса тағы да қатысудан бас тартпаймын.  Байқау ұйымдастырылу жағынан  әділ және ашық болды. Сайысқа Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінің кіл мықтылары жиналды. Сайыстың бірінші кезеңінде қатысушалардың арнайы дене шынықтыру дайындықтарымен нысананы дәлдікке ату бойынша сынақ тапсырдық. Ал, екінші кезеңінде әскери біліктілігімізді тексеру мақсатында арнайы тест жүргізілді. Бүгінде осы екі кезеңнен сүрінбей өтіп, бұл байқаудың жүлдегерлерінің қатарына іліккеніме қатты қуаныштымын» Республикалық байдаудың жүлдегері капитан Валиев Шыңғысхан

Источник: dknews.kz