үй Қазақстан жаңалықтары Ақтөбеліктерді қорқынышты хабарлама алаңдатып қойды: полиция авторларды іздеп жатыр ...

Ақтөбеліктерді қорқынышты хабарлама алаңдатып қойды: полиция авторларды іздеп жатыр Кеше, 15:42

166
0

Ақтөбе тұрғындары мектептерде жаппай қырғын ұймдастырылып жатқаны туралы хабарландыру таратып жатыр. Полицейлер хабарлама авторларын іздестіріп

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Ақтөбеліктерді қорқынышты хабарлама алаңдатып қойды: полиция авторларды іздеп жатыр
                Кеше, 15:42

Фото:depositphotos.com

Ақтөбе тұрғындары мектептерде жаппай қырғын ұймдастырылып жатқаны туралы хабарландыру таратып жатыр. Полицейлер хабарлама авторларын іздестіріп жатыр және тұрғындардан арандатушылыққа бой алдырмау сұралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған ұқсас жалған хабарламалар бұрын Ресейде тараған. БАҚ мәліметінше, 21 қаңтарда дәл осындай Telegram-арнасы Саратов тұрғындарын қорқытқан.

Жалған ақпарат хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

«Осы фактор бойынша Ақтөбе облыстық полиция департаменті терроризм актісі туралы жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылды. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз», — делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz