үй Қазақстан жаңалықтары Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған азаматтардың балалары «Қазақстан халқына» қорынан білім грантын...

Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған азаматтардың балалары «Қазақстан халқына» қорынан білім грантын ала алады

71
0


                Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған азаматтардың балалары «Қазақстан халқына» қорынан білім грантын ала алады

Фото: ғаламтордан

Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған азаматтардың балалары «Қазақстан халқына» қорынан білім грантын ала алады, деп хабаралады қордың баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Қазақстан халқына» қоры білім беру гранттары бойынша бағдарламаның шарттарын кеңейту және оған өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.

«Қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан ҚР азаматтары мен жараланған балалардың отбасыларына көмек пен қолдауды жалғастыра отырып, Қор 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балаларына және жараланған балаларға гранттар мен стипендия тағайындайды», — делінген хабарламада. 

Осылайша бағдарлама бойынша ҚР қайтыс болған азаматтарының балаларына және жараланған балаларға тек жоғары білім ғана емес, сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша, яғни еліміздің колледждерінде оқу үшін білім беру гранттары беріледі.

Бағдарламаға 29 жасқа дейінгі ҚР азаматтары қатыса алады.

Толығырақ qazaqstanhalqyna.kz сайтының «Баспасөз орталығы» және «Білім беру гранттары» бөлімінде

Источник: nege.kz